Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: Тоқаев мырза, қызыма көмек керек! (видео)

642

Қытайда ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады деп жазады adyrna.kz ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтындағы мәліметтерді негізге ала отырып.

Ақжарқын туралы жазған алдынғы ақпараттарда шешуші сот 3-қыркүйек күні өтетіні туралы және анасы Зухра Сейтімованың атынан жол пұлы мен виза аштыруға 500 мың теңге  керек деп, бұқарадан көмек сұраған едік. Нәтижесінде халықтың тиындап болсын қосқан үлесінің арқасында, керек қаражат жиналып, анасы қызымен сот залында 15 минут  тілдесу бақытына ие болды. Алайда бізден сұраған қағазды бере алмағандықтан, ашық соттың шешімі әлі шығарылмады.  Қазақстан ішкі істер министрлігі де қажетті мәлімдемені бермей отыр.

"Аса құрметті Президент мырза - Қасым-Жомарт Тоқаев! 2014 жылы наурыз айынан бастап менің қызым Ақжарқын Тұрлыбай Қытай елінде есірткі контрабандасымен тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Бес жылдан аса уақыттан бері менің қызымның үстінен сот жүріп жатыр. Содан бері, өмір бойына бас бостандығынан айырылсын деген үкім шығарылды. Одан кейін оның күші жойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Менің қызымның тарапынан Қытай жағынан да Қазақстан жағынан да адвокаттар тегін қызмет көрсетіп жатыр. Оларға менің алғысым шексіз. 2015 жылы ЦАРИКЦ ұйымы менің қызымды, Ақжарқын Тұрлыбайды нигериялық есірткі мафияларының құрбаны болғаны туралы мәлімдеме жасады. Алайда Қазақстан ішкі істер министрлігі қажетті мәлімдеме бермей отыр. Соған қарай, бізге жұмыс істемей жатыр. ҚР Конституциясының 11-бабы 2-бөлігі бойынша, еліміздің азаматтары шетелде болғанда олардың құқығы қорғалады делінген. Бұл сізге таныс жағдай деп білем. Сізден өтініп сұрарымыз, осы менің қызымның, ол жақтан шығуына көмек берсеңіз. Сізден жалынып сұранамыз. Мен, менің отбасым, әкесі, бауырлары сізден сұрайтынымыз - менің қызыма көмектесіңізші. Қызымның жазығы жоқ екені кешегі барған сотында дәлелдер келтірілді. Бірақ олар бізден сұраған қағазды бере алмағандықтан, ашық соттың шешімі шығарылған жоқ. Соған дейін, сіз бізге көмектессеңіз екен. Рақмет сізге!", -дейді Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы.

#action=share

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

Пікірлер