Өзбекстан Израильге көңіл айтты. Цви Коганның өліміне қатысты тергеу жалғасуда

991
Adyrna.kz Telegram
Сурет: www.istockphoto.com
Сурет: www.istockphoto.com

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінде раввин Цви Коганның қаза болуына байланысты Израильге көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы fergana.agency-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Министр 26 қараша күні Өзбекстандағы Израиль елшісі Гидеон Люстигпен кездесу өткізіп, көңіл айтуды жеке өзі жеткізгенін мәлімдеді. Саидовтың айтуынша, Өзбекстан халқы әрдайым түрлі дін өкілдері мен ұлттарға достық ниет танытып келеді.

"Біз ешқашан ұлтшылдықтың ешбір түріне төзген емеспіз және төзбейміз.  Терроризм мен экстремизмнің шекарасы да, ұлты да болмайды", — деп жазды министр.

Саидовтың айтуынша, Өзбекстан үкіметі ОАЭ және Израиль билігімен раввиннің  өліміне қатысты тергеу жұмыстарында тығыз байланыс орнатуда.

25 қараша күні БАӘ Ішкі істер министрлігі бірнеше күн бұрын ұрланған раввин Цви Коганның денесі табылғанын хабарлады. Жедел әрекет ету нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олардың екеуі 28 жаста, ал біреуі 33 жаста.

Кейбір ақпарат құралдарының мәліметінше, күдіктілер Түркияға қашып кетуді жоспарлаған. Бірақ құқық қорғау органдары олардың елден шығуына жол бермеді. БАӘ заңдары бойынша мұндай қатыгез қылмыс жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылған.

Пікірлер