Алакөлде «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды.

799
Adyrna.kz Telegram

Алакөл ауданы, Үшарал қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылып, пайдалануға берілді.

​Орталықтың басты мақсаты отбасы институтын нығайту, түрлі тұрмыстық жағдайларға тап болған жанұяларға қолдау көрсету.

Жаңадан бой көтерген орталықта 15 адамға арналған жатын орын, балалар ойын бөлмесі, кір жуатын орын, асхана, тынығу бөлмесі және қызметкерлерге арналған мәжіліс залы, әлеуметтік сала мен психолог мамандарына арналған жеке бөлмелер жан-жақты заманауи үлгіде жабдықталған. Мұнда 19 маман тұрақты жұмыс істейді. Алдағы уақытта, мекемеге арнайы қоғамдық көлік беріледі деп күтілуде. Жаңа мекеме толықтай мемлекеттен қаржыландырады.

 

​Мекемеде атқарылар жұмыстардың барлығы отбасыларға кешенді консультациялық қызметтер және жанұя институтын нығайтуға ықпал етеді. Ана мен бала құқығын қорғап, отбасылық зорлық-зомбылықты алдын-алу аясында тұрмыстық түрлі жағдайларға тап болған жанұялар мекемеге 1 ай мен 6 ай көлемінде орналасып, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерін шешіп, психологиялық, медициналық, құқықтық, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналастыру, бейімдеу және оңалту қызметтері көрсетіледі.

Тіпті, қызмет алушыларға АЭК-ге өтінім беру, баспана кезегіне тұру және медициналық көмек алу бойынша кеңес алу үшін арнайы «Егов» өзіне-өзі қызмет көрсету және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі бұрыштары орналастырылған.

​Бүгінде, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау мен қолдауды ұйымдастыру үшін аудан бойынша мобильді топ құрылып, өз жұмысын бастап та кетті. Мобильді топ құрамында қала, ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қызметкерлер, білім беру мен денсаулық сақтау салалары және ішкі істер органдарының өкілдері қамтылды. Бұл істе барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс істейді.

Пікірлер