Қазақстандық нәресте туыла сала 3,3 миллион теңгелік қарызбен дүниеге келеді

1054

"Қазақстанның сыртқы қарызы 157 миллиард доллардан асты" деп жазды экономист,  журналист  Дәулет Төлеутай өз инстаграм парақшасында. 

Ол өз жазбасында  "Қазақстанның сыртқы қарызы 157 миллиард доллардан асты. Тоғыз нөлі бар санды теңгеге шақсақ, есептегішіме сыймай кетеді. Қысқасы, дүниеге есігін ашқан әрбір Қазақстандық нәресте туыла сала 3,3 миллион теңгелік қарызбен дүниеге келеді-мыс. Қытай, Англия, Америка, Франция, Германия, Нидерландыдан бөлек, тіпті, Бермуд, Виргин, Кайман және 9000 ғана халқы бар Сейшель аралдарына да қарызбыз" деген.

Бұл мәліметтің анық-қанығын білу мақсатында статистика комитетінің ақпарат қызметіне бірнеше рет хабарласып нақты жауабын ала алмадық.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер