Алматыда тепловоз бен маршруттық автобус соқтығысып, 6 адам зардап шекті

1559
Adyrna.kz Telegram

Алматыда тепловоз бен маршруттық автобустың соқтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 11:40-та Алматының Алмалы ауданында болған. Солтүстік бағытта Әуезов көшесімен жүріп келе жатқан жеке тасымалдаушыға тиесілі 88-бағыттағы автобус Гоголь көшесінен солтүстікке қарай теміржол бойымен батысқа бағыт алған тепловозбен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатының салдарынан қоғамдық көліктің алты жолаушысы зардап шекті», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгені атап өтілді.

«Апаттың басқа да мән-жайлары анықталуда», – деп қосты ПД.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер