Тоқаевтың шақыруымен. Ақорда Путиннің Қазақстанға келетінін хабарлады

999
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ТАСС
Сурет: ТАСС

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.

Ал 28 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Пікірлер