Абай облысында мектеп қазандығы жарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция тергеуді бастады. Бұл туралы аудандық полиция бөлімі хабарлады.
"Осы фактіге қатысты еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша алдын ала тергеу басталды. Материалдар арнайы тергеу жүргізу үшін уәкілетті органға жіберілді", – деді Үржар аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ бастығы Мұхтар Құрманғалиев.
Тергеу барысы Абай облысы ПД басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, Қостанай облысында котельнаяда жарылыс болып, 1 адам зардап шекті.