Алматыдағы "Барахолка" базарында өрт шықты

161

Алматы қаласында жұрт "Барахолка" деп атап кеткен базарда өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департаменттің дерегінше, 6 қыркүйекте "Мизам" базарында ("Барахолка" бірнеше базарға бөлінеді, әр базардың өз аты бар) бірқабатты металл-пластика сақталған қойма өртенген. Өртті сөндіруге 43 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылған. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Биыл маусымда Алматы қаласы әкімдігі "Мизам" базарының "құжаттары дұрыс емес" деп, сүру туралы шешім қабылдаған. Сол кезде "Мизамда" сауда орны бар сатушылар әкімдік шешіміне қарсы шыққан.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер