Ермұрат Бапи «Ақиқат»ЖСДП партиясы басшылығынан кетті

158

«Ақиқат» ЖСДП-ның төрағасы Ермұрат БАПИ zhasalash.kz хабарлауынша партия басшылығынан кетіп, мүшеліктен де шығарылды. Ол өз орнына Жанболат Мамайды сайламақшы болған. Алайда оның орнына Асхат Рақымжанов партия төрағасы болды. Партияның жаңа төрағасы туралы деректер аз. Дегенмен Асхат Рақымжанов бұған дейін партияның Нұр-Сұлтан қалалық бөлімшесіне жетекшілік еткен екен.

Партия съезінде саяси ұйым басшыларына сенімсіздік мәселесі талқыланып, басшыны партияластары Парижге бір топ белсенділермен Қазақстанның экс-премьер-министрі Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН және Атырау облысының бұрынғы әкімі Берегй РЫСҚАЛИМЕН кездескенін айтып айыптаған. Нәтижесінде Ермұрат Бапидың отырыстағы соңғы сөзі "елдегі жалғыз оппозициялық партияны жерледіңіздер" болды.

Ертеріңізге сала кетейік, ЖСДП партиясын 12 жыл басқарған саясаткер Жармахан ТҰЯҚБАЙ 2019 жылдың сәуір айында қызметінен кетіп, Ермұрат Бапи сайланған еді. Ермұрат Бапи белгілі қоғам қайраткері, «DAT» жобаларының авторы.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер