Үкімет сіздің де кредитіңізді кешіргенін қалайсыз ба?

345

Үш күн болды, көп балалы аналар Халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын тоздырып жүр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Несиені кешіру туралы туралы Жарлығына сәйкес, банктер кредиттерді кешіріп жатыр. Кешірілетіндердің тізімін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі берді. Оны Электронды үкімет базасынан тексеріп білуге болады. Дегенмен, ол тізімде кейбір көп балалылар мен Атаулы көмек алатындар жоқ.

Бүгін Министрлік сайтына тізімді тексеретін функцияны іске қосты. Кредиті кешірілетін тізімге кірген, кірмегеніңізді мына төмендегі сілтемеге кіріп тексере аласыз. Егер сіз бағдарлама қатысасыз деп жазылса, кредитіңіздің 300 мыңы кешіріледі. Отбасындағы ерлі-зайыптының да несиелері жеке жеке 300 мыңнан кешіріледі. Кешіруге жататындар: көп балалылар, 29 жасқа толмаған жетім балалар, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар, бала кезінен мүгедек болғандар, асыраушысынан айрылғандар, Атаулы көмек алатындар.

2019 жылдың 1 маусымына дейінгі банкте тұрған кредиттер ғана кешіріледі. Одан кейін алынған кредиттер кешірілмейді. Сондай ақ, коллекторларға өтіп кеткен
және 3 млннан асып кеткен кредиттер де кешірілмейді.

Сіз кредиті кешірілетін мәртебеге жатасыз, бірақ Министрліктің тізіміне енбеген жағдайда не істеу керек? Егер тізімде болмай қалсаңыздар 111 нөміріне хабарласып, өзіңіздің қай мәртебеге жататындарыңызды айтып, қостырасыз деп хабарлайды құзырлы орган. Алайда, кеше Министрліктің 1411 мен 111 деген нөмірлеріне біздің аналар таңнан кешке дейін хабарласып, сөйлесе алмады. Бүгін де 111-ге звондап көріңіз, көтере ме екен?

Қазақстаннан миллион адам звондап ауызша айтып, тізімге еніп кете ала ма? Халыққа қызмет көрсету орталығы бар, соған барып, өзінің сол мәртебеге жататынын дәлелдейтін құжаттарын тапсырып, қостырған жөн меніңше. Министрлік соны бүгін-ертең қолға алмаса, аналар вице министр Светлана Жакупова ханымның ватсап нөміріне құжаттарымызды жібереміз, Министрлікке хабарласудың басқа мүмкіндігі жоқ деп отыр.

Тізімге кімдер енбеді? Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасына 2008 жылға дейін некелескендердің неке туралы куәліктері енбеген. Одан кейін үйленгендер ғана базада бар. Яғни, көп балалы ана тізімде бар, оның күйеуі тізімде жоқ. Оны енгізу үшін неке туралы куәлікті сканерлеп базаға қосу керек. Біздің аналар қостырды. Енді соны Министрлікке хабарлап жеткізе алмай жүр. Сондай ақ Қарағанды қаласында 8 баласы бар ана тізімде жоқ. Атаулы көмек те алмайды, әр балам әр үйде тіркеуде, сондықтан тізімге де енбей отырмын дейді. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар да тізімен тыс қалған.

Кредит 8 қыркүйекке дейін кешіріледі. Уақыт аз.

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер