«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі мәресіне жетті

1059
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университеті студенттер сарайында «Ақ жол» демократиялық партиясының дәстүрлі «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтті.

Байқауға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының қауым. профессоры Қайырбек Кемеңгер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., «Шоқайтану» орталығының жетекшісі Сағат Тамшыбайұлы және “Адырна” ұлттықпорталының жетекшісі Арман Әубәкір қазылық етті.


Оған қоса «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісі «Ақ жол» фракциясының аппарат жетекшісі Берік Дүйсембинов, партияның Орталық аппаратының басшысы Асылхан Қожахметов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорі Майнура Бөрібаева қатысып, сөз сөйледі.

Сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды тексеріп, 4 номинация бойынша жалпы саны 41 үздік жұмысты екінші кезеңге іріктеді.

Еліміздің әр аймағынан келген 41 қатысушы «Алаш қайраткерлерінің алаш республикасының мемлекеттік құрылымы туралы идеясы және оның қазіргі қазақстан үшін өзектілігі», «Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту мен ғылымдағы ұстанымы және оның қазіргі қазақстан үшін маңызы», «Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту», «Алаш республикасы – алдыңғы қазақ ұлттық мемлекеттері (көне түркі қағанатары, ұлық ұлыс, қазақ хандығы) мен қазіргі тәуелсіз қазақ елінің тарихи, рухани және заңнамалық сабақтастығын жалғайтын көпір» номинациясы бойынша бақ сынап, оның 14-і ақтық кезеңге жолдама алды.

«Алаш қайраткерлерінің алаш республикасының мемлекеттік құрылымы туралы идеясы және оның қазіргі қазақстан үшін өзектілігі» номинациясы бойынша келесі кезеңге өткендер:

Монай Құлынтай – Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының аға ғылыми қызметкері.

Елнұр Әскенұлы – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің тарих пәніні мұғалімі (Жамбыл обл.)

Дарын Асфандиярұлы – Әл-Фараби атындағы КазҰУ тарих факультетінің 3 курс студенті (Алматы қ.)

«Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту мен ғылымдағы ұстанымы және оның қазіргі қазақстан үшін маңызы» номинациясы бойынша келесі кезеңге өткендер:

Ертай Нұрбекұлы  – Абай атындағы ҚазҰПУ, филология факультеті, 1 курс докторанты (Алматы қ.)

Зарина Емберген – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ, 4 курс студенті (Талдықорған қ.)

Еламан Қаділәшім – «Aiqara.kz» ақпараттық агенттігінің әдеби редакторы (Павлодар қ.)

Гүлзат  Бурабайқызы – Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі (Қызылорда қ.)

«Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарасы және кәсіпкерлікті дамыту» номинациясы бойынша келесі кезеңге өткендер:

Дамир Исиргенов – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қаласындағы «физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының Қазақстан тарихы мұғалімі (Қостанай обл.)

Қанат Қоянбаев – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, тарих-дінтану мамандығының 4-курс студенті (Ақмола обл.)

Қарақат Махмұдова – Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, экономика факультетінің 4 курс студенті (Астана қ.)

Латифа Мыңжасарова - Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, экономика факультетінің 4 курс студенті (Астана қ.)

«Алаш республикасы – алдыңғы қазақ ұлттық мемлекеттері (көне түркі қағанатары, ұлық ұлыс, қазақ хандығы) мен қазіргі тәуелсіз қазақ елінің тарихи, рухани және заңнамалық сабақтастығын жалғайтын көпір» номинациясы бойынша келесі кезеңге өткендер:

Сымбат Көшербаева – Астана халықаралық университеті, Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, ғылыми тарих факультетінің 3 курс студенті (Астана қ.)

Қанат Бердәлиев – Тараз қаласы, Төле би атындағы № 8 гимназиясының тарих пәні мұғалімі (Тараз қ.)

Динара Ерханқызы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, тарих факультетінің 3 курс студенті (Қызылорда қ.)

Еске сала кетейік, байқау биыл 13-ші рет ұйымдастырылды. Байқаудың екінші кезеңін еліміздің  әр аймағында өткізу дәстүрге айналған. Бұған дейін Семей, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Астана, Ақтау, Орал, Шымкент қалаларында өтті.

Іріктелген 41 қатысушының 14-і әртүрлі номинация бойынша ақтық кезеңде бақ сындайы.

Пікірлер