Елімізде “әке” атанғалы отырғандар әскерге шақырылмайтын болады

1349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_6295-960x500.jpeg?token=11c183ddb99f74af1e945ed9578298b0
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев заңдағы жаңа норманы түсіндіріп, кімдердің әскерге бармайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Вице-министрдің сөзінше, қолданыстағы ереже бойынша әскерге шақырылған сарбаздың жұбайы босанған жағдайда ол үйіне қайтарылатаны болған. Енді жаңа өзгерістерге сәйкес, бұл жеңілдік болашақ әкелерге де қатысты болатыны белгілі болды.
“Егер әскерге шақырылмай тұрып, жұбайы сәби күтіп отырған болса, қанша апта екені көрсетіледі, сосын оларды әскерге шақырмайтын боламыз”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, елімізде сарбаздарға араб тілі үйретілетінін жазған болатынбыз.  
Комментарии