Нефролог дәрігер медбикені зорлады

116

Шымкентте нефролог дәрігер жұмыс орнында медбикені зорлады деген күдікке ілінді. Оқиғаның мән-жайы туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының ерікті заңгері Данияр Жиенбаев айтып берді. 

Жиенбаевтың айтуынша, зорлау ісі 16 сәуірле Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада болған. Зорлықшы мен жәбірленуші бірге жұмыс істеген. «Зорлау әрекеттері кешкі сағат бес шамасында болды. Олар әріптес болғандықтан нефрология бөлімінде бір кабинетте жұмыс істеді. Күдікті — нефролог дәрігер.  Егер әйел зорланған болса, онда оны қоғамда табалатайтындар көп болады. Ол қарапайым ғана ауылдың қызы. Ата — аналары, туыстары мен көршілері-барлығы зорлау әрекеттерінен хабардар. Олар оны азғын деп табалады. Бізде әйелдердің өздері кінәлі деп ойлайды. Әйелдің демалуға, қуануға, таңғы 3-4-ке дейін кафеде отыруына қақы бар. Бірақ осы үшін зорлау керек деген қате қағида», — дейді ол.

Данияр Жиенбаевтың айтуынша, бас күдікті — дәрігер, 30-дан асқан адам үйленген және екі баласы бар. Медбикенің де қызы бар. Қорланған әйел әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына барып, арыз берген. 21 мамырда дәлелдемелер мен қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жабылды. 22 мамыр күні жас әйелді қорғау өкілдері әл-Фараби ауданының прокуратурасына қылмыстық істі заңсыз тоқтату туралы шағым түсірді. Бір айдан кейін іс тергеуге қайтып келді. Оның айтуынша, қыз сол ауруханада жұмыс істейді.

Сондай-ақ, күдікті медбике қызбен байланыс орнатып көріпті. «Ол одан кешірім сұрап, хат жазды. Қателікке бой алдырғанын айтты. Басынан бастап оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген еді. Алайда, зорлықшы жаз бойы әртүрлі елдерде қыдырып жүр», — деп қорытындылады ер адам. Шымкент қаласы полиция департаментінің өкілдері күдіктінің ұсталғанын айтады. «Осы дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі («Зорлау») және ҚР ҚК 121-бабының 1-бөлігі («Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті ұсталды. Айыптау актісі бар қылмыстық іс әл-Фараби аудандық прокуратурасына жіберілді», — деді Шымкент полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының аға тергеушісі, полиция подполковнигі Айнұр Омарова.

Пікірлер