Президенттің Қытайға сапары жалғасса бір толқу болмақ

108

Президент 10-11 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарын жалғастырса бір толқу болады-ау. Алдағы 5-6 күнде түсіндіру жұмыстары көмектеседі деп ойламаймын. Негізі Қытай зауыты жәй себеп. Оның артында 30 жылғы жүйеден, алдау мен арбаудан, кері кеткен табыс көзінің азайуынан шаршаған халық бар.

Бұдан әрмен кез келген себеппен шыға береді. Тығырықтан шығудың жолы - Елбасы толық кетіп, президент өзінің президент екенін көрсетуі керек. Соңғы болған оқиғалардан кейін халық транзиттің жоқ екенін, Елбасы әлі отырғанын көрді, білді. Ол кетпей тыныштық жоқ.

Биліктің алдында таңдау тұр. Бір кісі кетпесін деп елдің алаңға шығу қаупін уақыт өткен сайын арттыра береді ме, әлде президентке толық билікті беріп, елді қуантып, халыққа бір үміт береді ме?.. Таңдау өздерінде. Саяси элита не ел жағына, не Елбасы жағына шығуы тиіс. Елдің шыдамы бітуге таяу.

Бізде қытайлар секілді ұзақ күтетін Конфуцыйлық менталитет жоқ. Сонда да 30 жыл тым ұзақ шыдады. Болмысынан либералды халыққа бір өзгеріс керек.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер