Абайлаңыз, бруцеллёз!

276

Ауылдардағы мал басы өсуіне кесірін тигізіп отырған кеселдің бірі-бруцеллёз ауыруы!
Ауыл, Аудан әкімшілігіне қарасты ветеринария саласы мамандарының жұмыс істемегенінен, халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілмегендіктен ауырудың осы түрі өршіп тұр.
Аягөз ауданы, Ақши ауылы БЦ ауыруы ошағына айналып, бір жыл карантинге жабылғанда ауылда мүлдем мал қалмады десе де болады.
БЦ деп анықталған 250 бас ірі - қара базарда арзан бағада сатылса, кейбір тұрғындардың «осы ауыру менің де малымнан шығып қалады»-ау деп, мал қанын тексертпестен, алдын ала сатып жіберген мал басында есеп жоқ. Енді осыған  деп анықталған, ұсақ мал санын қосыңыз.
Бруцеллёз деп танылып сойылған мал ішек-қарындары көмілмей көрінген жерлерге тасталған. Оны жеген ауыл иттері-бұл ауыруды басты таратушылар.
Жүйелі жұмыс болмаған жерде, бұл ауыруға тоқтау жоқ.
Көршілес отырған менің ауылым Тарбағатай биыл осы ауырудың ошағына айналып, карантинге жабылды. Енді соңы не болары белгісіз.

Осы ауыру малдар еті базарда сатылып, халық тұтынып отыр. Ауыру жұқтырып алған адамдарда да жоқ емес.
Базардан ет алғанда, өте абай болу қажет.
Коррупцияның қазіргідей өршіп тұрған заманында, бруцеллёз деп танылған 20 бас сиыр етін базарда қымбат бағаға сату үшін, «маңқа» ветврачқа 40 мың теңге берсеңіз болды, ол анықтамаңызға «бц» белгісін қоймай-ақ жібере салады.

 

Тортуыл ШОҚАН

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер