Қырғызстанда балаларды ұруға тыйым салынады

1474
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/bala-zorlau-960x500.jpg?token=9b274cc44415c964ccac28aeb4df2901
Қырғызстанда 18 жасқа толмаған балаларды ұрып жазалауға тыйым салынбақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Енді бұл елдерде балаларды шапалақпен ұруға, түртіп қалуға рұқсат жоқ. Сондай-ақ, Қырғызстаннан бөлек, тағы 8 елде осы заң бекітілмек. The Guardian басылымының мәліметінше, мемлекеттер тізімінде Уганда, Бурунди, Шри-Ланка, Панама және Чехия да бар.
"Бұл дене жазасына толық тыйым салу. Осылайша, Гамбия мен Нигерияда мұндай жаза түрі мектептерде де жойлады. Бұл міндеттемелер Колумбияда өткен БҰҰ-ның бірінші дүниежүзілік тақырыптық конференциясына талқыланды", - деп жазады басылым.
Комментарии