Шахматшы Асаубаева халықаралық жарыста жүлделі болды

1892
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/photo-output-6-960x500.jpeg?token=aeceaebcdd2c9a16c275c1da81d842ef
Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінде қазақстандық шахматшы қолаға қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шахмат федерациясының мәліметінше, FIDE Women’s Grand Prix Series 2024-2025 турнирінің екінші кезеңінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола медаль жеңіп алды. Бірінші орынды Александра Горячкина алды. Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы қытайлық Тань Чжуньи 2-орынды иеленді. Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы Tbilisi Grand Prix 2024 турнирінде екінші орынды иеленген болатын.
Комментарии