Митинг. Алматы, Көкшетау жаңаөзендіктерді қолдады

275

Қалалық әкімшіліктің алдына 30 шақты Алматы тұрғындары Жаңаөзендіктерді қолдау мақсатында шеруге шықты. Қолдарында "Қытайдың зауыттарына жол жоқ, Қытай экспанциясына қарсымыз!" деген плакаттар бар. Алайда үштік құрылымдар сырттан ғана бақылау үстінде. Митингке қоғам белсенділері, өнер адамдары мен журналистер де қатысуда. Солардың бірі белгілі режиссер Еркін Рақышов ағамыз "Адырна" ұлттық порталының журналисі қойған сұрақтарға жауап берді. Ол: "Қазір Қазақстанды жаулап алу саясаты жүріп жатыр. Аңқау қазақтарға жеңіл несие беру, Қытайдағы қарындастарымыздың саяси лагерлерде жатуы және 55 зауыттың салынуы біздің биліктің Қытайға тәуелді екенін білдіреді. Кеше Тоқаевта еліміздің жері сатылмайды дегенімен, жалға берілмейді деген сөзді айтқан жоқ. Демек жерімізді Қытайлар жалға алып жатыр. Бұл қиындықтан бізді қорғап қалатын тек қана халық" дейді.
Ал қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы: "Кеше Жаңаөзендік жігіттер неге Қазақстандық жігіттер шықпайды деп айтты ғой. Сол себептен намысқа тырысып шықтық. Қытайлық Қазақстанның еркегі де, әйелі де, билігі де сатылады деген түсінікте. Біз сатылмаймыз." деп сөзін түйіндеді.
Сондай-ақ бүгін сағат 13:00 шамасында Көкшетаудағы Абылай хан ескерткішінің алдында қытай экспансиясына қарсы жеті адам қарсылық шарасын білдірді. Оларға екі есе көп полиция қызметкері келіп, 5-10 мин ішінде қолдарын бұрап алып кеткен көрінеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2-қыркүйекте жергілікті халық екі талаппен көшеге шықты. Біріншісі Қытайдың 55 зауытының Қазақ Жеріне кіруіне тиым салу. Екінші талап Жерді сатпаймыз. Осы екі талаппен Жаңаөзен кешеден шерулетіп жатқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер