ZHOLDAS ORISBAYEV: Оқырман жаңалықтар мен пікір колонкасын ажыратуы керек

1244
Adyrna.kz Telegram

Әр алып медиа өзінше дауыс соңына дейін саналмай тұрып, бірақ таяп қалғанда кімнің жеңгенін жариялап отырады. Бірақ ақпаратты жылдам беру арқылы, оқырмандарды тарту деуге болады. Бірақ қателеспеу өте маңызды.

Мәселен, Associated Press Джорджия штатындағы дауыстың әлі 6 пайызы саналмаса да, Трамп жеңді деп жариялады. Олар штаттағы қай округтерде әлі дауыс саналмағанын ескеріп, ол жерде қай партия осыған дейін басым болғанын ескере отырып, Трамп еншісіне бергенін жазады.

2020 жылы республикашыл FoxNews Аризона штатының делегаттарын дауыс санау бітуге аз қалғанда Байденге кетті деп жазған. Сол кезде телеарна миллиондаған оқырманынан айырылып, хейт күшейіп еді. Бірақ соңғы нәтижеде бәрібір Аризонада Байден жеңгені белгілі болды. Сондықтан оқырмандар да медианың жаңалықтар бөлімі мен пікір колонкасын ажыратып қарастыруы керек.

Zholdas Orisbayev

 

 

Пікірлер