Түркістанда діни-экстремистік ұйым мүшелері ұсталды (ВИДЕО)

1385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/photo-output-4.jpeg

Ішкі істер министрлігі Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуге бағытталған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттауға, сондай-ақ діни көзқарасты қорлауға қатысты фактілер анықталды. Топ мүшелері "Хизб ут-тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды»,—делінген хабарламада.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

https://youtu.be/yu2iekBcqM0?si=mMhxOpRomaN9WNz9
Комментарии