Зардап шеккендер бар. Иранда жер сілкінісі тіркелді

1114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3751-960x500.jpeg?token=1df952b192e868204e2aa57c928a6c2b
Бүгін Иранның солтүстігіндегі Гермсар қаласының маңында болған 4,6 балдық жер сілкінісі салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы IRNA агенттігіне сілтеме жасап. Мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендердің барлығы жеңіл жарақаттар алған. Қаланың кейбір тұрғындары жарық пен интернет байланысының үзілгені туралы айтуда. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісі Гермсардан солтүстік-шығысқа қарай бес шақырым жерде, 35 шақырым тереңдікте болған. Гермсарда шамамен 49,4 мың адам тұрады.
Комментарии