Оралда жол апатынан зардап шеккен науқасты жедел жәрдем зембілінен құлатып алған

1561
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/bf7a8c52-ce25-49e7-92da-3f694b3f89cb-960x500.jpeg?token=bdaaedfce897bd1720de7f4f52ade31d
Оралда екі жол талғамайтын көлік соқтығысып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Зардап шеккен адамға жедел көмек көрсету үшін жедел жәрдем келген. Алайда жәбірленушіні жедел жәрдем көлігіне апара жатқанда зембілден түсіріп алған. Бұл туралы журналист Талғат Умаров желідегі парақшасында жазды. Журналист жазбасына сүйенсек, 1 қарашада Оралдағы Назарбаев пен Абай даңғылының қиылысында Renault Duster мен Қытайда шығарылған Lixiang көлігі соқтығысқан кезде Renault көлігінің жолаушылар орнында отырған әйел есікке қысылып қалған. Әйелдің жасы – 63-те екені айтылды.
Комментарии