Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің өлі денесі табылды

1808
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/1770ebef-a1ab-4870-bf9d-fbdf37d4871a-960x500.jpeg?token=359d49bc9ae642b3ad7ab4c6d7fcbfa2
Алматы облысында жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Нәрестенің денесі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимараттарының бірінен табылған. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Комментарии