Алматы облысында жылу беру маусымында жүйелер жаңартылып жатыр

3056
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/img_0857.jpeg
Облыстағы жылумен қамту жүйесінің жаңартылып, блокты модульдік қазандықтар кезек кезегімен іске қосылу үстінде.  Бүгінгі таңда облысымызда тұрғындарды жылумен қамтуды айтарлықтай жақсартатын Блокты модульдік қазандықтарды (БМҚ) іске қосу бойынша, маңызды жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Іле ауданы, Боралдай ауылындағы «Алмат» қазандығының ашылуы — айрықша оқиға болды. Іске қосу алдында барлық қажетті желілік сынақтар мен іске қосу жұмыстары сәтті аяқталып, жаңа нысанның сенімділігі тексерілді. Құрылыс, монтаж жұмыстары аяқталып, қазандыққа қосылған тұрғын үйлерге жылу беріле бастады. Қазандық газ жүйесіне қосылған. Ендігі уақытта кеңдалалықтарды аталмыш қазандық тұрақты түрде жылумен қамтамасыз етпек. Аталған жұмыстар аудан көлемінде алдағы уақытта жалғасын табады. Алтын-Дан және Ақтас ауылдарындағы қазандықтар жақын арада өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, қалған ауылдардағы қазандықтарға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Қазіргі таңда Талғар ауданы Алатау ауылдық округіне қарасты Алтын дән ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін, газбен жұмыс істейтін БМҚ құрылысы да жалғасуда. Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалды, жобаның жалпы құны 106,6 миллион теңгені құрайды. Жұмыс қараша айының басында аяқталады деп күтілуде. Бұл бастамалар тұрғындарды жылумен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өмір сүру сапасының артуына да ықпал етеді. Облыс тұрғындары алдағы қыс айларында тұрақты жылумен қамтамасыз етілетініне сенімді бола алады.
Комментарии