«Ауыл Аманаты»: Алматы облысында сүт шаруашылығын дамыту көзделген

2920
Adyrna.kz Telegram

Ауылдағы ағайынның әл-ауқатын жақсарту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламаның игілігін көргендер саны шаш етектен. Соның бірі- Нұрлыбек Станбеков. 

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5% мөлшерлемемен 6 000 000 теңге көлемінде несие алды. Бұл қаржы сүт бағытындағы шаруашылықты дамытуға бағытталды.

Нұрланбек ауылды жерлерден сатып алынған сиырларды асылдандырумен айналысады. Қазір фермада 12 бас сиыр бар, оның ішінде бір Алатау және бір Швейц тұқымды сиырлар сауында тұр. Қалған сиырлар келесі бұзаулау кезеңін күтуде.
Қазіргі уақытта Нұрланбек сүт өнімдерін өндіру және сату бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Сүт сатылып, айран, құрт және май өндіріліп, төлдер өсірілуде.

Кәсіп иесі, шаруашылығын кеңейту жоспарлап отыр, кредитті толық өтегеннен кейін сүт бағытындағы жұмыс көлемін ұлғайту көзделуде.

Бұл бастама ауыл шаруашылығының дамуына және жергілікті өнімдердің сапасын арттыруға үлкен үлес қосып отыр. Нұрланбек Станбековтың сүт шаруашылығын дамытудағы тәжірибесі мен жетістіктері ауылдық аймақтардағы кәсіпкерлерге үлгі болуда.

Айта кетейік, 2023 жылы астау алған жобаға республикалық бюджеттен Алматы облысына 8 млрд. 267,6 млн. теңге қаражат бөлінді.

Ауылшаруашылығын кәсіптің көзі ретінде игерген азаматтар аталмыш бағдарламаның шарапатын көрді. Алматы облысында малбасын көбейтуге, өсімдік шаруашылығын дамытуға және бірнеше шаруашылықтың басы бір арнаға тоғысқан кооперативтер мен өзгеде бизнес түрлеріне жалпы 1 090 несие берілді.
Бағдарлама облыстағы барлық 133 ауылдық округті қамтиды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы аясында берілетін шағын несиелер - «Қонаев ӘКК» АҚ арқылы жүзеге асады.
Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасының дерегіне сәйкес, мал шаруашылығы саласына 894 шағын несие, оның ішінде 36 кооператив қаржыландыруға ие болды. Ал, өсімдік шаруашылығына 40 шағын несие, оның үшеуі кооперативке тиесілі. Ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік субъектілеріне 149 шағын несие бөлінсе, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 7 несие берілді.

Пікірлер