"Бұл Ресейге бағынумен тең". Грузия президенті сайлау нәтижесін мойындамады

1467
Adyrna.kz Telegram

Грузия президенті Саломе Зурабишвили  26 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ел басшысы дауыс беру толығымен бұрмаланғанын атап өтті. Ол арнаулы брифиң өткізіп, грузиндерді 28 қазанда Руставели даңғылындағы сайлауға қарсы демонстрацияға шығуға шақырды.

«Мен бұл сайлауды мойындамаймын. Оны мойындау мүмкін емес. Бұл елімізге Ресейдің келгенін мойындаумен, Грузияның Ресейге бағынуымен тең»,—деді Саломе Зурабишвили.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Грузияның орталық сайлау комиссиясы жеңіске «Российский кредит» банкінің негізін қалаушы, миллиардер Бидзина Иванишвилидің «Грузин арманы» партиясы жеткенін айтқан еді. Парламентке «Мықты Грузия» мен «Грузия үшін» партиялары өтті. Саяси додаға барлығы 18 партия, 3 жарым миллионнан астам сайлаушы және 1700 байқаушы қатысты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер