Қарағандыда Республика күні мемлекеттік ту көтерілді

886
Adyrna.kz Telegram

Республика күні Қарағандыдағы Ту тұғырының алаңында мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті. Оған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты.

– Бүгін ту көтеру және әнұран орындау - біздің бірлігімізге, жерімізге, елімізге құрмет. Біздің болашағымыз біздің қолымызда екенін еске сала отырып, Қазақстан туы әрқашан биікте желбіресін! – деді аймақ басшысы.

Туды көтеру кезінде алаңға қатысқандардың барлығы елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Ту көтеру салтанаты Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында да өтті.

 

Пікірлер