Құтқарушылар күніне орай 571 қызметкер марапатталды

1517
Adyrna.kz Telegram
ТЖМ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 571 қызметкері кәсіби мерекелерінде марапаттарға ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бүгін 19 қазанда Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікте құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтіп, құтқарушыларға медальдар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді,

Іс-шараны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзімен ашып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

"Бүгін Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын!", - деп атап өтті министр.

Мерекелік іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер