Топырағы шежіре бірегей мекен. Ұлытау ауданы құрылған күн

472
Adyrna.kz Telegram

10 қараша – Ұлытау ауданының құрылған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлытау ауданы 1939 жылдың 10 қарашасында құрылды. Бұл күн қазақ халқының мәдениеті мен тарихында ерекше орын алады. Ежелгі замандардан бері ұлттың рухани және тарихи орталығы болған Ұлытау – қазақтың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі.

Ұлытау – Жошы хан мен Алаша хан кесенелері секілді ұлы тұлғалардың мәңгілік мекені. Бұл қасиетті өңір қазақ мемлекеттілігінің терең тамырын көрсетеді. Бүгінгі таңда Ұлытау ауданы тек тарихымен ғана емес, мәдени және экономикалық дамуымен де ерекшеленіп, еліміздің маңызды аймағына айналды.

10 қараша – Ұлытау ауданының құрылған күні, ол біздің тарихымызды еске салып, ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығын жаңғыртады.

Пікірлер