Бүгін Алматының «Жастар орталығы» алаңында мектеп оқушылары арасында шағын футболдан қалалық жарыс өтті. Спорттық шара – жеткіншектерді салауатты өмір салтына баулу мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен қолға алынып отыр. «Жастар жылы» аясындағы игі бастаманы “Азаматтық борыш” жобасы негізінде “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізуде. Спорттық жарыс Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналғандықтан – Мұса Жұмағалиев (Ауған соғысының ардагері) мырза қонақ ретінде арнайы шақырылып, жастарды жігерлендіретін рухты сөздерімен жарыс шымылдығын түріп берді.

"Адырна" ұлттық порталы