Жылдамдықты асырған жүргізушілер екі есе айыппұл төлейді

1497
Adyrna.kz Telegram
Фото: drivenn.ru
Фото: drivenn.ru

Қазақстанда жылдамдық режимін асырған жүргізушілер үшін айыппұл мөлшері екі есе артады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

3 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты екі заңға қол қойды. Олардың бірінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, жүргізушілерге арналған айыппұлдардың жаңа мөлшері бекітілді. Бұл айыппұлдар екі айдан кейін заңды күшіне енеді.

Енді заң бұзған азаматтар 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Бұл 147 680 теңгені құрайды. Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке дейін өсіп, 221 520 теңгеге жетеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда белгіленген жылдамдықтан 20 шақырымға дейін асырған жағдайда 18 000 теңге, ал 20-дан 40 шақырымға дейін 37 000 теңге айыппұл салынады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер