Қазақстандық журналист, жазушы Бигелді Ғабдуллин Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Журналист Бостандық ауданында орналасқан №191 мектептің №235 сайлау учаскесіне барды. Дауыс берген соң, Бигелді Ғабдуллин референдумның маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ бұл әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге ерекеше мүмкіндік екенін айта кетті.
«Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім. Қандай шешімді қолдайтынымды өздеріңіз тауып көріңіздер...» - деп өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.