Бүгінде ауыл-аймақтарға Президентіміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «оң көзін салып жүр» десек артық емес. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау үшін қазір жан-жақты жұмыс атқарылып жатқаны және бар. Сондықтан да қазір ауылдарға жағдай жасау үшін «ауыл аманаты» сынды жобалар жүзеге асып жатыр, сондай-ақ олардың халыққа берер пайдасы мол деседі.
Ауыл аманаты – Қазақстандағы ауыл-аймақтарды дамытып, тұрғындардың жағдайын, әл-ауқатын арттыруға арналған мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ауыл шаруашылығын реформалау және ауыл-аймақтарды экономикалық өсімді қамтамасыз ету» туралы бағдарламасында әзірленген. Президент 2022 жылы өз жолдауында ауыл кооперациясы аграрлық саланы дамытуға жол ашатынын тілге тиек еткен болатын.
«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деп мәлімдеді Президент.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды заңдастыру.
«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;
(ақпарат gov.kz ресми сайтынан алынды)
Бұл бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары өз бизнестерін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алуға болады және техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз.
Микрокредит шарттары:
1) Көктемгі егістік жұмыстары саласындағы жобалар үшін 3 жылға дейін;
2) Бизнестің басқа бағыттары жобалары үшін 5 жылға дейін;
3) Мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
Микрокредиттің ең жоғары сомасы:
Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкер үшін 2,5 мың АЕК-ке дейін;
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК-ке дейін;
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезеңі
Микрокредит мерзімі ұзақтығының 1/3-нен аспайды.
Бизнесті іске асыру орны
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда.
Басым бағыттар:
1) Ауыл шаруашылығы кооперациясы;
2) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру, өңдеу және қайта өңдеу;
3) Егін шаруашылығы;
4) Мал шаруашылығы (құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ара шаруашылығы);
5) Бизнестің басқа бағыттағы жобалары.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі:
Жылдық 2,5 пайызбен.
(ақпарат gov.kz ресми сайтынан алынды)
Ауыл аманаты – шаруашылық бастаудың ең тиімді жолы. Елімізде Ауыл шаруашылығына арналған түрлі бағдарламалар бар. Десе де, түпкі мақсаты – ауылдық жерлерде тұратын халықтың жағдайын жақсарту.