14 жасар қыздың денесі Астана маңындағы кенттен табылды

1627
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7561-960x500.jpeg?token=e63a4f7977fc54a5229fe3ffe2d32ca0
Оқушы қыздың денесі Ақмола облысының Жібек Жолы кентіндегі гараждан табылды. Полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 қазанда болған. «Аршалы ауданының полиция бөліміне Астана тұрғынынан Жібек Жолы кентіндегі үйінің гаражында 2010 жылы туған туысы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады.
Комментарии