Қазақтардың Дубайдағы үйлері. «БАӘ-мен жұмыс жүріп жатыр» деген Бас прокуратура ашып айтпады

931
Adyrna.kz Telegram

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің мүлкі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мен қазір барлық ақпаратты толық аша алмаймын. БАӘ-мен жұмыс жүріп жатыр, біз бірлесіп зерттейтін істер бар. Бұл жұмыс жалғасады. Мен сізге бір нәрсені айтайын – миллиондарды жымқырыпп, елден кеткен адамдар үнемі іздеуде болады. Біз бақылауды күндіз-түні жүргіземіз. Кейде бұл жылдарға созылады», - деді ол.

Тілшілердің бірі Ғалымжан Қойгелдиевтен «Журналистер бүкіл тізімді беріп тұрса, конференция өткізіп не керек?» деп сұрады.

«Жұмыс жүріп жатыр. Бізде реестр бар, ондағы ақпарат шектеулі мәліметке жатады. Бәрін ашып айта алмаймыз. Онда имидж беделі бар. Онда мұндайға рұқсат етпейтін көптеген фактор бар», - деді Қойгелдиев.

Пікірлер