Депутаттар 50 жыл отасқандарды арнайы құттықтады

1001
Adyrna.kz Telegram

1 қазан — Халықаралық қарттар күні қарсаңында Жогорку Кенеш депутаттары Марлен Маматалиев пен Аида Исатбекқызы 50-60 жыл отасқан 20-дан астам ерлі-зайыптыны арнайы құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Салтанатты шарада депутат Марлен Маматалиев ерлі-зайыптылардың өмір жолы қоғамға үлгі екенін атап өтті.

«Жастарды тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтауға қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр тілеймін»,—деді ол.

Айта кетейік, шақырылған қонақтардың арасында академик Митәліп Мамытов пен жұбайы Айна Мамытова, Олимпиада чемпионы Қаныбек Осмоналиев пен зайыбы Медерқан Осмоналиева, халық әртістері  Атайбек Бодошов пен Қаныкей Ералиева бар.

Пікірлер