АҚШ-тың оңтүстік-шығысында болған «Хелен» дауылынан 116 адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 30 қыркүйекте CBS News жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
26 қыркүйекте басталған дауыл жолдар мен көпірлерді қиратып, миллиондаған адамды электр қуатынсыз қалдырды. Сондай-ақ оның салдарынан Флорида, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында қатты су тасқыны болды.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, жалпы шығын көлемі шамамен 110 миллиард долларға жуықтаған.
Айта кетейік, осы аптаның соңында АҚШ президенті Джо Байден дауылдан зардап шеккен аймақтарды аралауды жоспарлап отыр.