Мәскеу институты. Президент өзі оқыған оқу орны филиалын ашу жоспарын бекітті

1117
Adyrna.kz Telegram

Елімізде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ашылады. Бұл туралы бүгін, 30 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланыстарды нығайтуда білім саласының маңызы зор екенін мәлімдеді.

«Бүгінде елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынас институтының филиалын ашу жоспарланып отыр»,—деді ол институттың  80 жылдығына арналған конференцияда айтты.

Қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген еді.

Пікірлер