Астаналық ТЖД қызметкерлері өрт кезінде газ баллондарын алып шығып, жарылыстың алдын алды

571
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында өрт сөндірушілер газ баллонының жарылуының алдын алды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордалық өрт сөндірушілер Өркен көшесіндегі Сарыарқа ауданындағы жеке тұрғын үйдің аумағында газ баллонының жарылуының алдын алды.

Үйдің ауласында қосалқы ғимарат өртенді.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 16 шаршы метр аумақтағы 3 тұрмыстық газ баллонын сыртқа алып шақты, өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте Астанадағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылған болатын. Екі қабатты тұрғын үйге іргелес жатқан мекеме жарылған.

Пікірлер