Астанадағы дәмханалардың бірінде жарылыс орын алды

872
Adyrna.kz Telegram
фото: Malim.kz
фото: Malim.kz

Астанада палау орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна” ұлттық порталы Malim.kz-ке сілтеп.

«Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллоны жарылған», - деп жазды басылым.

Оқиға Балқантау көшесінде орналасқан «Плов Центр» дәмханасында болған.

«Жарылыс болған жердің аумағы 60 шаршы метрді құраса, өрт аумағы 15 шаршы метрді шарпыған. Төтенше жағдайлар министрлігі 50 литрлік 4 тұрмыстық газ баллонын сөндірді. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі үйінділерді тазарту жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жарылыстан алты адам жарақат алып, жедел жәрдем бригадасына жеткізілді.

Пікірлер