Антикор "Астана банкі" АҚ бұрынғы акционерін жауап алуға шақырды

838
Adyrna.kz Telegram
 фото: Андрей Лунин/Forbes.kz
фото: Андрей Лунин/Forbes.kz

«Астана Банкі» АҚ-ның бұрынғы акционері Олжас Тоқтаров жауап алуға шақыртылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдікті жауапқа шақыру қағазы бойынша шақырылады. Алайда, күдікті О.Тоқтаровтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 205-бабының 3-бөлігін (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күдіктіні шақыру) басшылыққа ала отырып, хабарлама жариялайды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана Банкі» АҚ бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа және басқа да тұлғаларға жалған агенттік қызмет көрсету және банк активтерін аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша сондай-ақ, өз бақылауындағы «SKK Tennasy Group» ЖШС пайдасына Алматы қаласы, Қобдолов көшесі, 22 «Б» бизнес орталығының ғимаратын заңсыз иеліктен шығаруына қатысты қылмыстық іс қозғап отыр.

Қазіргі уақытта ауыр қылмыс жасау бойынша тергеумен жиналған дәлелдемелер күдікті Тоқтаровтың әрекетін Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен саралауға мүмкіндік бергені хабарланды.

Пікірлер