Астанадағы LRT құрылысына асылып өлген адамның видеосы тарауда

1006
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы LRT құрылысына асылып тұрған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сұмдық оқиға елордадағы 73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болған. Ақ футболка, қала шалбар киген ер адам LRT құрылысының темір бағанына асылып қалған.

«102 арнасы Нәжімеденов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында ер адамның асылып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, ол 38 жаста. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы анықталады», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер