Теміртаудың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

220
Adyrna.kz Telegram

Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Ораз Тәуірбеков Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Тәуірбеков Ораз Қайсайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ораз Тәуірбеков әкімнің орынбасары лауазымында денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік етеді. Бұған дейін ол Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған еді.

Пікірлер