Түркі әлеміндегі алтын көпір. Көрнекті ғалым мезгілсіз дүниеден өтті

1512
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түрксой
Фото: Түрксой

Түркі әлемінің көрнекті ғалымы өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Түрксой Бас хатшысы Сұлтан Раев 22 қыркүйек күні мезгілсіз дүниеден өткен Зейнеш Исмаилдың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы Түрксойдың ресми сайтында жарияланды.

«Доктор, профессор Зейнеш Исмаилдың қайтыс болуы жаныма қатты батты. Түркі әлемінің елеулі ғалымдарының бірі Зейнеш Исмаил туындыларымен түркі әлемінде алтын көпірлер орнатты. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді ол.

Зейнеш Исмаил — түркі мәдениеті мен әдебиеті саласында елеулі еңбек сіңірген зерттеуші. Ол Қытайда дүниеге келіп, кейін Түркияға қоныс аударған.

Ол түркі мәдениетін насихаттап, Қытай мен түркі елдері арасындағы байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқарған. Зейнеш Исмаил ұзақ уақыт бойы Түркиядағы қазақ және ұйғыр диаспораларымен жұмыс істеп, «Түркия дауысы» радиосында қызмет етті.

Зейнеш Исмаил түркі халықтарының рухани және мәдени байланыстарын нығайтуға үлес қосты. Өмірінің соңғы кезеңдерінде ол Түркі әлемі ұйымдарының өкілі ретінде белсенді жұмыс атқарып, түркі халықтарының ортақ мәдени мұраларын сақтап, насихаттау ісімен айналысты.

Одан бөлек, қазақ тілді шығармаларды түрік тіліне аударуға ықпалы тиген азамат шетелде жүрсе де ел мәдениетін дамытып жүр. Жамбыл Жабаевтың айтысы мен шығармаларын Абай жолын, түрікше сөйлеткен қазақ Түркияда ресторан ашқан. Зейнеш Исмаил мен Сәуле Исмаил Анкарада алғаш және жалғыз қазақ ресторанын ашқан. "Отау" мейрамханасына келген туристер тамақтың дәмі тіл үйіретінін айтқан болатын.

Зейнеш Исмаил 2024 жылы дүниеден өтті, бұл оқиға түркі әлеміне үлкен қайғы әкелді.

Пікірлер