“Соғыс көрген адам бейбіт күннің қадірін біледі”

705
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталының ютуб арнасының кезекті қонағы Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, Ақтөбе облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлерлері мен мүгедектері қауымдастығының төрағасы, ҚР Ауған соғысы ардагерлерлері мен мүгедектерінің заңды тұлғалар бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаевпен сұхбат құрдық.

Сұхбат барысында елдегі соңғы өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынының маңыздылығы мен ұлттық спорт, ұлттық құндылықтарымыздың әлемдік сахнаға насихатталуы туралы ойлармен бөлісті. Сондай-ақ ардагер спортшы соңғы өткен Париж Олимпиадасындағы нәтижелер мен кемшіліктер жайлы талқыланды. Жалпы жастардың тәрбиесі, спортшылардың заманауи талаптар, кітап оқу мен жалпы білім деңгейі туралы да әңгімелер болды. Ауған соғысының ардагері ретінде тарихи және қазіргі қоғамдағы Ауғанстан соғысына қатысты ойларға пікір білдіріп, жалпы бейбіт өмірдің қадірі жайында айтылды. Сұхбат соңында елдегі АЭС құрылыс туралы да пікірлермен бөлісті.

Пікірлер