Солтүстік Қазақстандық әйел гаражда босанып, жаңа туған нәрестесін тастап кеткен

954
Adyrna.kz Telegram
фото: freepik сайтынан
фото: freepik сайтынан

Солтүстік Қазақстан облысында 25 жастағы келіншек гаражда босанып, баласын тастап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Бұған дейін әйелдің гаражда босанғаны анықталды. Бұл факті бойынша қауіп-қатер белгілеріне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция департаментінің мәліметінше, 25 жастағы әйел орталық облыстық ауруханаға жатқызылған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жай анықталып жатқаны хабарланды.

Пікірлер