Оралда екі бүлдіршін үйде қараусыз қамалып қалғаны айтылды

897
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Оралда екі кішкентай бала көпқабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтерде біраз уақытқа қараусыз қамалып қалған, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға жұма күні болған.

«Әйел велосипед алу үшін дәлізге шыққан бойды үйінің есігі жабылып қалып, балалар пәтерде қамалып қалған», - делінген хабарламада.

Ол пәтерге өз бетімен кіре алмаған, себебі кілттері ішінде қалып қойған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сыртқы есікті ашып, 2021 және 2022 жылы туылған балалардың жағдайы жақсы, деп қосты ведомстводан.

Пікірлер