Алматыда тоннельде жеті көлік соқтығысты

101
Adyrna.kz Telegram

19 қыркүйек Алматыда ірі жол апаты болып, Саин көшесіндегі тоннельде жеті көлік соқтығысты. Бұл туралы  видеоны Instagram желісіндегі kris_p_brothers паблигінің авторлары таратқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Видео сипаттамада ірі жол апаты Саин көшесінде болғаны айтылған.

«Сағат 20:30-да Саин көшесімен төмен түсіп келе жатып, осындай сұмдық көріністің куәсі болдым. Жолда бәріңіз сақ болыңыздаршы. Сізді үйде күтіп отырған адамдар бары есіңізде болсын”, - делінген видео сипаттамасында.

Оқиға Саин көшесі мен Жұбанов көшесінің қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасына жеті көлік қатысқан. Оқиға салдарынан бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Қазір полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

Пікірлер