Алматы маңында автобус кондукторы жол үстінде қайтыс болды

1828
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан кондуктор құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 18 қыркүйек күні болды.

"Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Пікірлер