Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

1065
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық студенттердің мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik-ке сілтеп.
Бұл туралы қалалық ПД хабарлады. Қаза тапқан студенттер Үндістаннан келіп Оңтүстік Қазақстан облысының медициналық академиясында оқып жүрген.
21 және 22 жастағы студенттердің қайтыс болғаны туралы хабарлама 112 нөміріне түскен.
"Бұл факт бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Мәйіттерді визуалды қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр", - деді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Пікірлер